Г.Ш. Еркебаева, Е.К. Калдыгозов, С.Т. Танашев. Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы пәнінен лабораториялық практикум: оқу құралы (2-ші басылым). – Алматы, 2019. – 148 б.
Оқу құралы оқу жоспары мен «Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы» пәнінің бағдарламасы талаптарына сәйкес кұрастырылған және зертханалық жұмыстарды орындауға арналған барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Оқу құрамында зертханалық жұмыстарды орындаудың, ресімдеудің жалпы ережелері, зертханалық жұмыстарды орындауға бақылау жасау шарттары мен анықтау әдістемелері, пайдаланылған әдебиет тізімі келтірілген.
Оқу құралы 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған. Сонымен қатар, мұнай-газ өңдеу, мұнай химиясы өнеркәсібінің қызметкерлеріне, осы сала бойынша мамандырылған колледж, институт, университет және академия студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына пайдалы болу мүмкін.