Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы- Қарағанды, «Medet Group» ЖШС, 2019. – 234 б.
Оқу құралы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған. Онда бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері, берілетін білім мазмұны мен көлемі, қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, лексикологиясы, сөзжасамы мен грамматикасын (морфология және синтаксис материалдары) оқыту туралы ғылыми әдістемелік мәселелер жан-жақты қарастырылған. Еңбекте әдістеме ғылымындағы соңғы жаңалықтар қамтылған. Бұған қоса студенттердің өздіктерінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін әдістемелік тапсырмалар және білімдерін мониторингілеуге арналған бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген.