Белгібаева Г.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2019 – 204 б.
Оқулық болашақ тәрбиешілердің мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруына, пәннің теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруіне арналған. Бұл курсты меңгерген мамандар мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жас топтарындағы балалармен жұмыс істеуді үйренеді. Курстың теориялық бөлімін оқу барысында биосфера туралы жалпы білім, тіршілік ету ортасына қарай өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуі және икемделуі туралы түсінік алумен қатар, болашақ педагогтар тіршілік иелерінің жаратылыс ерекшелігіне қарай қажеттіліктері де болатынын ұғынады.