Ұйымдық мінез-құлық негіздері, 14-басылым
Авторлары: Роббинс Стивен, Джадж Тимати
ISBN-10: 0134523857
ISBN-13: 978-0134523859
Тілі: Ағылшын, орыс
Баспасы: Pearson
Жылы: 2017
Бет саны: 400
Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе НК.-менеджердің міндеті.
Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Осы күрделі тақырыпқа арналған Стивен Роббинс пен Тимати Джадждың әлемге танымал енбегінің қазақ тіліне 14-басылымы аударылып отыр.
Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.