Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі

Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі

Автор: Шунк Дейл Х.
ISBN-10: 0134013484
ISBN-13: 978-0134013480
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Pearson
Жылы: 2015  
Бет саны: 592


Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми – зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады. Сондай-ақ бұл басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытынды тарауда студенттер оқу процесі барысында өз бетінше орындауға тиіс тапсырмалар берілген.
Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.