Маркетинг негіздері
Авторлары: Котлер Филип, Армстронг Гари
ISBN-10: 013449251X
ISBN-13: 978-0134492513
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Pearson
Жылы: 2018
Бет саны: 736
Филип Котлер мен Гари Армстронгтың «Рrіnсірlеs оf Магкеtіng» – «Маркетинг негіздері» оқулығы – бұған дейін түрлі саланың құрамдас бөліктері болып келген ақпаратты топтастырып, жүйелеу арқылы маркетингті өз алдына дербес білім саласына бөліп шығарған түбегейлі еңбек. Кітап қазіргі маркетинг аясындағы барлық түсініктер мен процестерге жан-жақты шолу жасай отырып, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты егжей-тегжейлі қарастырады. Қазақ тіліне аударылған 17-басылым – бұл оқулықтың 40 жылдық даму тарихының синтезі.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру тұтынушы тарту оны ұстап тұру тұтынушыны қандай да бір брендтің тұрақты клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, ортадағы өзгерістерге ілесіп, икемделе білу секілді маркетинг міндеттері нақты мысалдар, кейстермен бекітіліп сипатталады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.