Халықаралық құқық. 1-кітап
Автор: Шо Малколм Н.
ISBN-10: 1316638537
ISBN-13: 978-1316638538
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Cambridge University Press
Жылы: 2017
Бет саны: 1118
Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді.
Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.