Қамарова Н. Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы. Монография./ Қамарова Н. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2021.-288 бет.
Монографияда қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы жаңаша бағамдалады. Ақынның терең жан күйі бейнеленген поэзиясына талдаулар жасалып, ақынның өзіне ғана тән сөз саптау шеберлігі, дара қолтаңбасы зерделенеді. Ақын поэзиясының көркемдеу амал-тәсілдері, ұлттық сипаты, образдар жүйесі ғылыми тұрғыда пайымдалады. Сондай-ақ Ф. Оңғарсынованың публицистикасына да шолу жасалады.
Аталған еңбек әдебиеттану мәселелерімен шұғылданатын мамандарға, жоғары оқу орындарының филология мамандығында оқитын докторанттар мен магистранттарға, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ак, жалпы әдебиетсүйер қауымға арналады.