Кітапханалық-ақпараттық сауаттылық

 

2022 жылдың қазан айының 17-і күні  Н. Байғанин атындағы оқу ғимаратының кітапханасында филология факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен,топ кураторларының және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, кітапхананың электрондық қорларымен таныстыру іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында кітапхананың  library.arsu.kz   сайты, neb.arsu.kz электрондық кітапханасы, электрондық каталогпен жұмыс жасау тәртібі және электрондық ресурстарды пайдалану ережелерінің тіркелу нұсқаулары түсіндірілді. Қатысушылар сұрақтар қойып, толық ақпараттар алып, өз ұсыныстарын білдірді.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.