Орта ғасырлар тарихы (Шығыс)

Ильясова К.М. Орта ғасырлар тарихы (Шығыс). Оқу құралы. Алматы: New book, 2021. — 280 бет.

Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихында дәстүрлі қоғамдардың ерекшеліктері, ортағасырлық мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі маңызды саяси оқиғалар, Батыс пен Шығыстың драмалық «кездесуі» және алғашқы отарлану процестері көрсетіледі. Азия елдерінің құрылымы Шығыс Азия (Жапония, Корея, Қытай, Монғолия), Батыс Азия (Араб елдері, Осман империясы, Кавказ елдері) Оңтүстік (Үндістан, Ауғанстан, Персия), Оңтүстік – Шығыс Азия (Индонезия, Вьетнам, Лаос Камбоджа, Малайзия, Таиланд), Орталық Азия (Түрк мемлекеттері) субаймақтары бойынша берілген. Сонымен қатар Африкадағы ортағасырлық мемлекеттер (Гана, Мали, Сонгай) мен Мағриб елдерінің (Ифрикия) ортағасырлық тарихы қамтылады.

Оқу құралы, жоғары оқу орындарының тарих, шығыстану, түрктану және аймақтану мамандықтарының студенттеріне арналған.