Керімбай Н.Н. Геоинформатика негіздері: оқу құралы. Том-2. / Керімбай Н.М. Алмата: New book, 2021. —156 б.
Оқу құралының 2-ші бөлімінде, ГАЖ-технологиясын қолдануды үйрету мақсатында зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар қарастырылған. Картографиялық проекцияларды түрлендіру және координат жүйелерін өзгертудің, сандық карта мен атластар құрудың, картографиялық проекциялардың трансформациясының және виртуалды үлгілеудің алгоритмі берілген.
Жер қорын және жерді пайдалануды картографиялауда, ауыл шаруашылығын, Жер асты суларын картаға түсіруде, қалалардың өсуін зерттеуде, су тасқындарымен күресуде және т.б. зерттеулерде Жерді арақашықтықтан зерделеу (ЖАЗ) мәліметтерін қолдану технологиясын практикалық тұрғыдан үйретеді.