Қарабала-ұлы О.Қ., Шаяхметова И.Ш. Өсімдіктер физиологиясы. 1 бөлім / О.Қ. Қарабала-ұлы, И.Ш. Шаяхметова. — Алматы: New book, 2021. — 200 б.
Өсімдіктер физиологиясы өсімдік организмінің автотрофтық жолмен тіршілік етуіне байланысты процестерді зерттейтін ғылым. Төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырлар, көк-жасыл балдырлар), көбінесе бір клеткалы болса да, жоғары сатыдағы өсімдіктер атқаратын көптеген функциялары ұқсас келеді. Өсімдіктер физиологиясының негізгі міндеті-өсімдік организмінің өміріндегі тіршілік әрекеттерінің ішкі тетіктерін — механизмдерін, заңдылықтарын, сыртқы орта жағдайларына байланысу негіздерін ашып, оларды адам қоғамының игілігіне байланысты өзгертіп, игерудің әдістерін қалыптастыруға бағытталып оқу құралында көрсетіледі.