Тойбаев С.Н. Теориялық механика негіздері. Оқулық. – Алматы: Альманахъ, 2017.-360 б.
Оқулықта теориялық механика пәнінің негіздері, практикалық есептер шығару мысалдары, есептеу-графикалық жұмыс тапсырмалары, глоссарий және тест сұрақтары берілген. Оқу материалдарының кұрылымы кредиттік технологияны қолданылатындай етіп ұйымдастырылған. Бұл білімді бақылаудың төрт деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді: дәріс деңгейінде -ағымдағы бақылау, блок деңгейінде – аралық бақылау, модуль деңгейінде – белестік бақылау, оқулық деңгейінде – қорытынды бақылау. Білімді бақылау осы деңгейлерге сәйкес құрастырылған тестілер арқылы жүзеге асырылады.