Ежелгі Шығыс елдерінің тарихы

Журасова А.Ш.  Ежелгі Шығыс елдерінің тарихы: «Тарих» мамандығында оқитын жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған оқулық / Журасова А.Ш. – Алматы: New book, 2021. – 340 б.

Оқулық Ежелгі дүние тарихының құрамдас бөлімі болып табылады. Оқулық ежелгі Шығыс елдерінің тарихын қарастырады. Оқулықта берілген материалдар ежелгі заманда Шығыста қалыптасқан Египет, Вавилон, Қосөзен, Қытай, Үндістан, Закавказье, Шығыс және Батыс Жерорта теңізі, Орта Азия мен Парсы мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму тарихын қамтиды. Жекелеген ежелгі шығыс елдерінің зерттелу тарихына назар аударылған.

Оқулықтың мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2001 жылы бекіткен «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің типтік бағдарламасына сай жазылған.

Оқулық тарих мамандығының студенттеріне, мектеп пен колледж оқытушыларына және әлемдік өркениет тарихына қызығушылық білдіруші көпшілік оқырманға арналған.