Кайкен Ж.Б., Джандыбаев Т.М., Тахтаева Р.Ш., Калдыбаева Д.О. Орман шаруашылығының экономикасы: Оқулық. Алматы: New book, 2021 ж. — 100 б.
Қазақстан Тұтынушылар Одағы Агробизнес және экономика колледжінің әдістемелік кеңесіңде қаралып қолдау тапқан.
Оқулық дамуы кешеуілдеген Қазақстанның орман шаруашылығының экономикасына арналған. Онда аудандастыру, республиканың облыстарындағы орман шаруашылығының аумағы, өндірілетін ағаш өнімдері, олардың есебін жүргізу, саладағы қорлар, оның ішінде өндірісте қолданылып жүрген техникалар, олардың өнімділігі экономикаға тән өзіндік құн, баға, пайда жүргізілетін көптеген жұмыстардың экономикалық тиімділігін анықтайтын үлгілер (формулалар), оларды өндірісте пайдалану жазылған.
Оқулық орман шаруашылығының экономикасымен шұғылданушы университеттердің, арнайы орта білім алушы колледждердің студенттеріне, магистранттарға, оқытуш ыларға, сала мамандары мен басшыларына арналған.