Чекаева Р.У., Ревтова В.В., Сабырбаева Л.А. Архитектуралық ою-өрнек. Монографиялық талдау және құру әдістері. (2-ші бөлім). Оқу құралы. 5В042000 – «Сәулет», 6В07320 -«Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сәулеті», 7М07320 – «Сәулет» мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралы — Алматы: New book, 2021 ж. — 108 б.
Оқу құралында Солтүстік Қазақстан архитектурасы объектілеріне бөлшекті анализ жасалғаны көрсетіледі. Архитектура объектілерінің, ондағы, олардың типологиялық ерекшеліктеріне сай келетін монографиялық анализ алгоритмі немесе жүйелі қадам жиынтығы арқылы талдауы мазмұндалады. «Архитектуралық ою-өрнек. Монографиялық талдау және құру әдістері» атты оқу құралы «Архитектура» мамандығының және де осы бағытта дайындаудың оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды. Оқу үдірісінде, «Қазіргі заман архитектурасының этномәдени негізі», «Жаңа архитектура және көркемдік негіз», «Ескерткіштерді сақтау» атты пәндері бойынша қолданылады.