Мукажанова Ж.Б. Аналитикалық химиядан есептер жинағы: академиялық бакалавриатқа арналған оқу құралы // Ж.Б. Мукажанова, Ш.К. Саньязова, М.М. Ныкмуканова, К. Қабдысалым. – Алматы: New book, 2021. – 244 б.
«Аналитикалық химиядан есеп шығару» оқу құралы аналитикалық химияның барлық бөлімдерін қамтиды және ерітіндідегі химиялық тепе-теңдік, сандық талдау және талдаудың физико-химиялық әдістерін қамтитын үш бөлімнен және талдау нәтижелерін статистикалық өңдеуден тұрады.
Әр тарауда типтік есептерді шешу мысалдары көрсетілген және тараудың соңында есептер берілген, студенттердің оларды өз беттерімен шешуі теориялық материалдарды тереңірек меңгеруге және өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына ықпал етеді. Есептерді шешуге қажетті анықтамалық кестелер «Қосымшалар» бөлімінде берілген.