Байбатша Ә.Б. Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы: Оқулық. 1 том. Алматы: New book, 2021. – 320 б.
Оқулықта пайдалы қазбалар, олардың түрі, морфологиясы мен заттық құрамы, кенорындары туралы мәліметтер берілген. Метал, бейметал мен жанғыш пайдалы қазбалардың әртүрі бойынша басты қасиеттері, өнеркәсіптік минералдары, қолдану салалары, қоры мен өндірісі келтірілген. Кенорындардың геологиясы және генетикалық типтері сипатталған. Қазақстан пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беріліп, басты кенорындарының мысалы қарастырылған.
Кейбір терминдер латынша және ағылшынша түпнұсқасындағыдай етіп алынған, мысалы: абиссал, аллюви, грам, диаграм, кристал, метал, никел, профил, процесс және т.б.
Оқулық «Пайдалы қазба кенорыңдарының геологиясы және барлау», «Кен ісі» бағыттары мамаңдықтарында оқитын студенттерге арналған.