Ж.С. Қасымова. Мамандыққа кіріспе: Оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР баспасы» ЖК. – 2016. – 265 б.
Оқу құралы «5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және «5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары типтік оқу жоспарларына сәйкес базалық пәндер циклінің міндетті компоненті «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша теориялық курс сұрақтарын қарастырады. Оқу құралында мамандықтардың жалпы сипаттамасы, кредиттік оқыту технологиясы білім беру үдерісінің ұйымдасуы, мамандықтарды даярлау, білім беру бағдарламасының мазмұны, жалпы химиялық технологияның негіздері, бейорганикалық және органикалық синтездің негізгі өнім түрлері және оларды шығару химиялық өндірістерінің сипаттамасы, бейорганикалық және органикалық заттар шығару және өңдеу химиялық технологиясы саласында негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму болашағы келтірілген.
Оқу құралында бақылау сұрақтар, тестілік тапсырмалар, білім алушының өздік жұмысын ұйымдастыру және орындау әдістемелік нұсқаулары ұсынылған.
Аталмаш оқу құралы университеттердің химия-технологиялық мамандықтары оқытушылары мен студенттеріне арналған.