Мажитаева Ш., Жуынтаева З.Н. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. (Дәріс курсы, семинар сабақтары мен студенттердің өздік жұмыс тақырыптары, практикалық тапсырма, тест сұрақтары). Оқу-әдістемелік құралы. (3-ші басылым). Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2020 – 92 б.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралында жоғары оқу орындарының филология мамандықтарында оқылатын «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты ғылыми курстың дәрістері ықшамдалып ұсынылады, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары, сонында семинар сабақтарының сұрақтары, практикалық тапсырмалар мен тест сұрақтары беріліп отыр.
Курстың мақсаты – студенттерге тілдің кейбір салаларының (дыбыс, фонемалар жүйесі мен морфологиялық құрылымының) қалыптасуы мен өзгеру, даму және жетілу жолдары мен бағыттарын айқындау, түсіндіру.