Ш. Мажитаева, Ж.Д. Рапишева. Әдеби тілдің функционалдық стильдері. Оқу құралы. «Medet Group» ЖШС. – Қарағанды, 2020. – 202 б.
Оқу құралында әдеби тілдің функционалдық стильдерінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары қарастырылады.
Әдеби тіліміздің функционалдық стильдер жүйесінің қалыптасуына, дамуына әсер еткен лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар талданады, жеке стильдердің даму ерекшеліктері көрсетіледі, қазіргі жай-күйі сипатталады.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне, магистранттарға, сондай-ақ әдеби тіл стильдерінің қалыптасу тарихы мен дамуын зерттеуші тіл мамандарына арналған.