Бакирова Л.С., Хусайынова Н.Т. Құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою. Оқу құралы. — Алматы: ЖК «LP-Zhasulan», 2019. -130 б.
Оқу құралы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық – құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды, зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету түрлері мен әдістері туралы қарастырылған.
Оқу құралында құтқарушыларды кәсіптік дайындау бойынша материалдар, төтенше жағдайда іздеу – құтқару жұмыстарын енгізу және ұйымдастыру, зардап шеккендерге көмек көрсету және іздеу – құтқару жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Оқу құралы «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығының элективті пәндер каталогына сәйкес жасалынған және студенттер үшін құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды төтенше жағдайлар аймағында, адамдарды құтқару және зардап шегушілерге көмек көрсету максаттарындағы жүргізілетін төтенше жағдайлар аймақтарында, ТЖ оқшаулау және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жасауға жағдай жасауды үйреніп білу үшін ұсынылады.