Шактаев К.Б. Автокөлікте жүктерді және жолаушыларды тасымалдау технологиясы және ұйымдастырылуы. Оқу құралы. Қарағанды, 2020. – 150 б.
Оқу құралында қазіргі кездегі орта техникалық және жоғары оқу орындарында оқылатын автокөлікте жүктерді және жолаушыларды тасымалдау технологиясы және ұйымдастырылуы курсының негізгі бөлімдерін толығымен қамтитын әдістемелік материал берілген.
Бұл курс автомобильдік мамандық бойынша оқитын студенттерге автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды түсінуге, автомобильдің негізгі міндеттерін дұрыс оқып, меңгеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.