Әбдіраманов Ә.Ә., Жолдасов С.Қ., Қожамқұлова Г.Е. Сұйықтар механикасы (Лабораториялық практикум): оқу құралы.-Қарағанды: «Medet Group» ЖШС. -2021. 178 б.
Оқу құралы «Сұйықтар механикасы» пәні курсының жұмысшы бағдарламасына сәйкес жасалған және 33 лабораториялық жұмыстан тұрады.
Олардың әрбірінде лабораториялық жұмысты орындау тәртібі мен схемалары көрсетіліп, қорытынды сұрақтар берілген.
«Су ресурстары және суды пайдалану», «Гидрология», «Елді мекендерді сумен қамту және суды бұру», «Су ресурстарын басқару», «Мелиорация, жерді баптау және қорғау», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Мұнай-газ ісі» бакалавриат мамандықтарына және де колледждің су саласына қатысты – «Ауыл және су шаруашылығының қолданбалы экологиясы», «Гидромелиорация», «Гидротехникалық құрылыс» және де басқа «Гидравлика» пәнін өтетін колледж мамандықтарына арналған.