Сатыбалдин А.Ж., Булкаирова Г.А., Айтпаева З.К. Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану: Оқу құралы. «Medet Group» ЖШС, Қарағанды, 2020. – 106 бет.
«Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану» оқу құралында Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы мен энергетикалық қорлары, жылу және электр энергиясын өндіру мен пайдалану, жылу электр станциясы және оның түрлері, өндірістік және жылу техникалық кешендердегі жылу энергетикалық құрылғылар, жылу энергетикалық қондырғыларды сумен қамтамасыз ету жүйелері қарастырылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы физика-техникалық факультетінің «Жылу энергетикасы», «Техникалық физика» және де басқа техникалық мамандықтарында оқитын студенттерге, сонымен бірге магистранттар мен PhD докторанттарға арналған.