Кубаева У.С., Смагулов Ж.Қ. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу: оқу құралы. «Medet Group» ЖШС. Қарағанды, 2020. – 128 бет.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» оқу құралында техникалық реттеу бойынша негізгі түсініктер, техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен негізгі нормативті-құқықтық актілері берілген. Техникалық реттеу қазіргі таңда өнімнің, процестердің және қызмет көрсетудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін арттыруға, сонымен қатар адамның өмір сүру ортасы мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде маңызды роль атқарады.
Оқу құралы «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған, оны басқа техникалық мамандықтарға «Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәні бойынша білім алатын студенттерге пайдалануына болады.