М.Ж. Киздарбекова. Көліктегі еңбекті қорғау және эргономика. Практикум. «Medet Group» ЖШС. — Қарағанды, 2020. — 94 б.
Практикумда теориялық мәліметтер келтірілген, сонымен қатар қолданылатын аспаптар мен құрал-жабдықтармен жұмыс жасау принципі, оларды пайдаланудың әдістемелік жолдары, техника қауіпсіздігі ережелері келтірілген.
Практикалық сабақтарда алынған білім инженерге кәсіптік шеберлігін жоғарылату, автокөлік құралдарын тиімді пайдалану үшін қажет, ол қазіргі күні жол қозғалысы және тасымалдауды ұйымдастыру саласында болашақ маманның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Практикум «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.