Қ.А. Байискакова. Қорық ісі және экотуризм. Оқу құралы. – Алматы: ЖК «LP-Zhasulan», 2019. – 110 б.
XX ғасырдың аяғында табиғи ортаға теріс ықпалдардың артуына байланысты, жер бетіндегі тірі әлемді толығымен сақтауға назар баса аударылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен басқару, дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының негізгі міндеттері болып табылады. Ал қазіргі таңдағы ЕҚТА-ды ұйымдастырудың нарықтық әдісі ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу, экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғаумен қатар, табиғи ортаға ықпалын тигізбейтін ағарту-танымдық туристік қызметтерді дамыту арқылы тұрғындардың әлеуметтік деңгейін көтерумен қорытындыланады.