Топырақтану

Қозыбаева Ф.Е., Бейсеева Г.Б., Өнербаева З.О. Топырақтану: оқу құралы. Алматы: «LP-Zhasulan» ЖК. – 2019. – 288 б.

Бұл оқу құралында Топырақтану пәнінің даму тарихы, негізгі қасиеттері, далалық және зертханалық жағдайларда топырақтың қазба-шұңқырларын сипаттау, қасиеттерін бағалаудың негізгі қағидалары мен әдістері мазмұндалады.

Осы оқу құралы «Биология», «Топырақтану және агрохимия» бағытында білім беретін, оқу орындарының жұмыс оқу жоспарына сәйкес жазылған, сондай-ақ агрономиялық, топырақ-экологиялық, экологиялық, және агрохимиялық бағыттардағы жоғары оқу орындарының, университеттердің «биология» мамандығының, топырақтану және агрохимия мамандығының бакалаврларына, топырақтану және агрохимия мамандығының магистранттарына арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, экологтарға және топырақтанушыларға арналған. Сонымен қатар биологиялық және экологиялық бағыттардағы мектептерге, колледждерге сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын педагогикалық университеттердің оқытушыларына, студенттеріне арналған.