Төлеген Ө.Ш. Шағын жинақталған мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019. – 136 б.
Оқу құралы педагогикалық оқу орындарының студенттеріне және шағын жинақталған мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Құралда шағын жинақталған бастауыш мектепте оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оқушылардың сабақтағы өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру мәселелері, оқушының өздігінен атқаратын жұмысы, оның түрлері мен өздік жұмыстарға қойылатын талаптар жүйесі баяндалады. Шағын жинақты мектеп жағдайында қолдануға болатын оқыту технологиялары, оларды қолданудың тиімді жолдары туралы көрсетілген. Сондай-ақ мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде кейбір сабақ жоспарларының үлгілері берілген.
Оқу құралын жазу барысында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім), бастауыш сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектері қолданылды.