Смагулов Ж.К., Кубаева У.С., Тусупбекова А.Қ. «Еңбекті қорғау» пәні бойынша инженерлік есептер: оқу құралы. (өңделіп, толықтырылған 2-ші басылым). «Medet Group» ЖШС. Қарағанды, 2020. -170 б.
Оқу құралында еңбекті қорғау пәні бойынша жұмыскерлердің өндіріс орындарындағы микроклиматты бағалау, зиянды факторлардың әсері және т.б. құбылыстары қарастырылған.
«Еңбекті қорғау» пәні қамтитын негізгі түсініктер мен анықтамалар келтіріліп, әр тақырып соңында мысалдар және өз бетімен шығаруға арналған инженерлік есептер келтіріледі.
Оқу құралы физика, техникалық физика, еңбекті қорғау және өмір қауіпсіздігі саласында жұмыс істейтін мамандарға, университеттің жоғары курсында оқитын студенттерге, магистранттарға және ғылыммен шұғылданатын оқытушыларға арналған.