Мамытова Г.Ж. Мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. – Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2020- 165 б.
Оқу құралы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасында дайындалды. Бұл оқу құралы төрт тараудан тұрады: отындарды химиялық өңдеу; өнеркәсіптік органикалық синтез; ауыл-шаруашылық шикі заты мен ағашты химия-технологиялық өндеу; жоғары молекулалық қосылыстар технологиясы. Әрбір тарауда тиісті шикізаттар сипаттамалары, олардың қасиеттері, өндіру мен өңдеу әдістері туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен қатар, әрбір тарау соңында бақылау сұрақтары берілген.
Оқу құралы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған.