Баязитова З.Е. Биология: «Биология», «Экология» мамандығының бакалаврлары мен магистранттарына арналған оқу құралы / З.Е. Баязитова-Алматы: CyberSmith, 2021 – 284 б.
Оқу құралында биология жаратылыстану бөлімі ретінде, жасуша теориясының негізгі қағидалары, жасушалар мен ұлпаларды зерттеудің әдістері, жасушалар мен жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі, су алмасудың, тыныс алудың, минералдық қоректенудің, фотосинтездің механизмдері мен ерекшеліктерін және өсімдіктердің қоршаған орта факторларының әсеріне төзімділігі; тұқымқуалаудың және өзгергіштіктің материалдық негізгі, экологиялық генетиканың проблемалары мен әдістері, негізгі генетикалық процесстердің молекулалық механизмдері қарастырылады.