Турекулова Д.М., Оразбаева К.Н., Байгиреева Ж.З., Мухамбетова Д.К. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. Алматы: CyberSmith, 2021. – 344 б.
Оқулықта «Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу» мәселелері жоғары оқу орындарының экономика бағытындағы мамандықтардың оқу бағдарламасындағы негізгі тақырыптар жүйеленіп, келесі бөлімдерге топтастырылған: нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік, оның құқықтық негіздері және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі; кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері, кәсіпкерлікті реттеуді мемлекет ролі және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы мемлекеттің функциялары; ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді талдау, кәсіпорын мен кәсіпкерліктің қоршаған ортамен байланыс моделі және кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық формалары; кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру және кәсіпкерлік қызметті талдау мен бағалау, бәсекелестік; кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бейтараптандыру механизмдері, кәсіпкерлік қызметте шешім қабылдау және ҚР-да кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру; кәсіпкерлік құпи, оны қорғау механизмі; кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен олардың жауапкершілігі; кәсіпкерлік қызметтегі маркетингтік инструментарий; калькуляциялау, шығындарды жоспарлау, кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жоспары; кәсіпорынның негізгі және айналым құралдары, кәсіпорынның қаржылық қызметін реттеу; өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түсетін түсім, кәсіпорын шығындары; кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін анықтау, қызметкерлерді басқару; кәсіпкерліктің заңдық аспектілері мен кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау.
Келтірілген теориялық материалдар нақты мысалдармен толықтырылған. Әр тақырып қарастырылатын негізгі сұрақтармен басталып, өзін-өзі тексеру сұрақтармен қамтылған. Ұсынылған материалдарды қабылдап, ұсынуды жеңілдету үшін негізгі түсініктердің глоссарийі келтірілген, ал студенттердің білімін тексеру мақсатында тестік сұрақтардың бірнеше нұсқасы келтірілген.