Алшынбаева Ж.Е., Сарбасова К.А., Байжуманова Н.С. Дуальды оқыту негізіңде болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау / Ж.Е. Алшынбаева. Алматы: CyberSmith, 2021. — 160 б.
«Дуальды оқыту негізінде болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау» атты монографияда дуальды оқытудың ғылыми-теориялық негіздері: дуальды оқытудың жүзеге асырылуына салыстырмалы талдау жасау, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде дуальды оқытудың мәні мен мазмұны, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде дуальды оқытуды жүзеге асырудың даму тенденциялары; Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлауда дуальды оқытуды жүзеге асыру үдерісін моделдеу: дуальды оқытуды жүзеге асыруда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау моделі, дуальды оқытуды жүзеге асыруда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау мазмұны, дуальды оқытуды жүзеге асыруда жаңа инновациялық технологиялардың ролі; Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлауда дуальды оқытуды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік эксперименттік жұмыс: болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлауда дуальды оқытуды жүзеге асыру бойынша эксперименттік жұмысты ұйымдастыру қарастырылған.
Бұл монография жоғарғы оқу орнының білім беру бағдарламалары бойынша 7М01401 – «Кәсіптік оқыту»; 6В01402 – «Кәсіптік оқыту» бакалавр және магистранттарына, кәсіптік және техникалық колледждердің білім алушыларына пайдалануға ұсынылады.