Токанов Д.Т. Азаматтық ғимараттар сәулеті: Оқу құралы / Д.Т. Токанов; Алматы: CyberSmith, 2021.-148 б.
Оқу құралында азаматтық ғимараттардың негізгі құрылымдық шешімдері, олардың түрлері мен және есептік-құрылымдық сұлбалары мен, қолданыстағы жүктемелерімен және көлемдік-жайғасымдық ерекшеліктерімен байластырылып қарастырылған.
Ғимараттың құрылысы инженерлік жүйелер және жабдықтарды, ескеруінсіз жүргізу мүмкін еместігі, сондай-ақ ғимаратты қалпына келтіру мен оның құрылымдарын күшейтудің негізгі әдістері мен мысалдары қарастырылған. Ғимараттарда болуы мүмкін құрылымдардың, үлкен аралықты ойын-сауық және сауда ғимараттарының бірегей кеңістікті төбе-жабындарынан жеке құрылыстық қора-қопсылық салынымдарға дейін барлық дерлік жиынтығы көрініс тапты. Олардың қолданылуының табиғаттық-климаттық және инженерлік-геологиялық, сонымен бірге, қоғамдық құрылыс пен экономика деңгейі жағдайларына, басқа да кез келген талаптарға байланысты қолданылуы мысалдары келтірілген.
Бұл оқу құралының шығуы Қазақстан Республикасының 5В072900 «Құрылыс» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда аса қажетті және маңызды. Оқу құралы құрылыс инженерлеріне, құрылыс факультеттерінің жоғарғы курс студенттеріне, магистранттары мен докторанттарға аса қажетті болып табылады.