Оразбаева К.Н., Турекулова Д.М., Мухамбетова Л.К. Кәсіпкерлік қызметті басқару: Оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2021.-236 б.
Оқу құралында «Кәсіпкерлік қызметті басқару» мәселелері жоғары оқу орындарының экономика бағытындағы мамандықтардың оқу бағдарламасына байланысты мына негізгі мәселелер талқыланған: кәсіпкерлік жайлы түсініктеме; кәсіпкерлік және оның еліміздің экономикасындағы ролі; кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен формалары; кәсіпкерлік шешімді қабылдау; жаңа кәсіпорынды құруды негіздеу және оның қызмет сферасын анықтау; кәсіпкерлік тәуекел; кәсіпкерлік мәдениеті; кәсіпкерлік әдеп және этикет; кәсіпкерлік құпия; кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі; кәсіпкерлік қызметті жоспарлау; маркетинг кәсіпкерліктің философиясы мен инструментарийі; калькуляциялау, кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жоспары; кәсіпорынның негізгі және айналымды құралдары; кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару; өнімді, жұмыс, қызметті өткізуден түсетін түсім; кәсіпорын шығындары; кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау; қыметкерлерді басқару; кәсіпкерліктің заңдық аспектілері.
Келтірілген теориялық материалдар нақты мысалдармен толықтырылған. Әр дәріс қарастырылатын негізгі сұрақтармен басталып, өзін-өзі тексеру сұрақтармен қамтылған. Ұсынылған материалдарды қабылдап, ұсынуды жеңілдету үшін негізгі түсініктердің глоссарийі келтірілген, ал студенттердің білімін тексеру мақсатында тестік сұрақтардың бірнеше нұсқасы келтірілген.