Қонысбай С. Инженерлік және компьютерлік графика: Оқу кұралы (техникалық және технологиялық мамандықтарының студенттеріне арналған). Қонысбай С. – Алматы: CyberSmith, 2021. 172 б.
Ұсынылып отырған еңбек графика пәндерін ұзақ жылдар бойы оқыту нәтижесінен жинақталған тәжірибе негізінде құрастырылған. Графика тұрғызу қағидаларын баяндау, оқушылардың өз беттерімен жеңіл оқылуына әсіресе жеке оқушылардың талаптарына сай болуына көңіл аударылған. Auto Cad жүйемен танысу, қарапайым тұрғызулар, көріністер орындау, 31 тұрғызу және 3Dның көмегімен көріністер алу сияқты тақырыптар қарастырылған. Әрбір тақырып мысалдар арқылы, әдістемелік шешілімдер көрнекті түрлі түсті сызбалармен берілген.
Бұл еңбек сол сияқты графика пәндерінің оқытушыларына да пайдалы.