Жүнісбеков С., Жашен С.Ж., Жүнісбеков Б.С. Минералды шикізаттарды өндіру және қайта өңдеу кездеріндегі радиоэкологиялық мәселелер: Алматы: ССК, 2020.124 – б.
Бұл еңбектегі авторлар ұжымының негізгі мақсаты – республика халықтарының назарын келесі жауапты мәселелерге аудару:
Адамзат үздіксіз ізденістері арқылы көптеген жаңа заттарды, сонымен қатар жаңа техногенді радионуклидтерді тапқаны бәрімізге мәлім. Бұл жетістіктер адам баласының алдына радиациялық қауіптің табиғатын терең зерттеуді, қоршаған ортадағы оның деңгейін күнделікті өлшеп, талдап отыру міндеттерін жүктейді. Ең бастысы радиоактивтілікті сауатты түрде сараптап, радиоактивті материалдардан адамзат үшін экологиялық және экономикалық тұрғыдан өте тиімді арзан атом энергиясын алып халық игілігіне пайдалану.
Сондықтан жаңа технологияны қолдану арқылы жаңа өндіріс орындарын ашқан кезде, осы қос фактор сол өндірістердің тағдырын анықтайтын шешуші көрсеткіштері болып қалыптасуы керек.
Жалпы, халық өндірістердің адазатқа әкелетін пайдаларымен қатар олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлері туралы толық ақпараттар алып тұруға құқылы.