Аленов Ж.Н., Исмаилова А.А., Сыздыкова Л.Т. Тұқым шаруашылығында қолданылатын зертханалық жабдықтар, тұқым сапасын анықтау үшін қолданылатын құрал-жабдықтар. Оқулық. Алматы: ССК, 2020. – 144 б.
Оқулықта жоғары және орта білімді оқу орындарында агроном мамандығы бойынша оқитын студенттерге ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы үшін керекті зертханалық жабдықтарды пайдалану әдістемелері көрсетілген.
Оқулық үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Тұқымның сапалық және сандылық нышандарын анықтағыш зертханалық жабдықтардың техникалық сипаттамасы», екінші бөлімінде «Ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарының сорттық және егістік сапасын анықтау әдістемелері», үшінші бөлімі «Апробациялық бауларды алу, оны талдау және құжаттарды толтыру», «Ауылшаруашылығы дақылдарының апробациялық бауларын талдау» деген тақырыптар қарастырылады.