Ибатаев Ж.А., Сүлеймен Е.М. Жарғақшалық бөлу әдістері (оқу құралы) / Ж.Ә. Ибатаев, Е.М. Сүлеймен. – Алматы, ССК, 2020. -176 б.
Жарғақшалық бөлу және концентрлеу әдістері қазіргі таңда суды және ауаны тазарту, олардың құрамын анықтау, технологиялық орталарды бөлу, медициналық препараттарды, тағам өнімдерін өндіру мақсаттарында кеңінен қолданылып келеді. Жарғақшалық бөлу әдістеріне негізделген технология дәстүрлі амалдарды тиімді, әрі реагентсіз жағдайда жүргізуге, технологияны автоматтандыруға және химиялық технологияны тұйықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бұл технологиялар жасыл энергетика, экология талаптарын толық қанағаттандырып, болашақта тек даму бағытында жүретін сала болады.
Оқу құралында жарғақшалардың жасалуы, қолданылуы, үрдістердің ерекшеліктері, даму кезеңдері жайлы жан-жақты білім берілген. Кітап химия, химиялық технология, биотехнология, экология мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға және жалпы жарғақшалық технология саласы бойынша ізденуші адамдарға арналған.