Успабаева А.А. Микробиология пәнінен зертханалық практикум. Алматы: ССК, 2020,- 124 б.
«Микробиология» пәнінен зертханалық практикум оқу жоспарының және пән бағдарламасының талаптарына сай зертханалық сабақтардың тақырыптарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Ұсынылып отырған зертханалық практикум университеттердің 5В0801000 – агрономия мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Зертханалық практикумында «Микробиология» курсының екі бөлімі, жалпы және ауылшаруашылық микробиология, қарастырылған, екі бөлімді қамтитын зертханалық сабақтарды орындауға қажетті қысқаша теориялық және әдістемелік нұсқаулар, зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі, практикалық жағынан маңызды микроағзалардың топтарының морфологиялық белгілері және биохимиялық әрекеттерін, сонымен қатар негізгі микробиологиялық зерттеу әдістері қарастырылған. Әр зертханалық сабақтар бақылау сұрақтарымен қамтылған.