Әбенова Б.С. Ресей империясының қазақ өлкесіндегі аймақтық саясаты (1868-1891 жылдар); монография / Б.С. Әбенова— Алматы: Эпиграф, 2019.- 388 б.
Монографияда жаңа құжаттық материалдардың және объективтік зерттеу принциптерінің негізінде Ресей үкіметінің «Далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша ережені» Орынбор өлкесіне енгізу бағытындағы саясаты және әкімшілік реформаның қазақ қоғамына тигізген зардаптары талданады. Орынбор өлкесі империялық биліктің отарлық әдістерін қолдану объектісі ретінде қарастырылады. Әкімшілік реформаның және империялық Ресейдің аймақтық саясатының отарлық мәні ашып көрсетіледі.
Мәселенің деректік және тарихнамалық деңгейін нақтылау мақсатында монографияда архив қорларынан алынған қолжазбалар мен тарихи құжаттар және орыс зерттеушілері мен әкімшілік чиновниктерінің кейбір еңбектері қосымшалар ретінде берілді.
Автордың бұл зерттеу еңбегі жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, тарихшы мамандарға және қазақ халқының тарихы қызықтыратын көпшілік қауымға арналады.