Исакова С.С. Жалпы тіл білімі (5В020500-«Филология:қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы)./ С.С. Исакова, М.Т. Куштаева. – Алматы: «Эпиграф» баспасы, 2019 ж. -404 б.
Оқу құралында жалпы тіл білімінің негізін қалаған классиктер және олардың негізгі еңбектері, әлем тіл білімінің жаңа бағыттары, жалпы тіл білімінің мазмұнын ашатын тірек сызбалар, глоссарий, тест тапсырмалары беріледі. Жалпы тіл білімі курсын өз бетімен оқып-үйренуге арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының «Филология» мамандығының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және тілшілерге, оқытушыларға арналады.