Объектке бағытталған тілі

Искаков М.Б. Объектке бағытталған тілі: Оқу құралы / М.Б. Искаков, Г.Б. Абилдаева, Ю.К. Шакирова; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Алматы: Эпиграф, 2019. -76 б.

Оқу құралы кіріспе, қорытынды мен екі бөлімнен тұрады. Кіріспеде Java тілінің ерекшеліктері, NetBeans және Eclipse бағдарламалау орталықтары туралы қысқаша мәліметтер келтірілген.

«Java тілінің негіздері» деген бірінші бөлімде бағдарламаның лексикалық құрылымы, деректер мен айнымалылардың түрі, бағдарламада орындалатын әрекеттер ретін басқару операторлары қарастырылған.

«Java тілінде объектке бағытталған бағдарламалау» деген екінші бөлімде объекттер мен класстар, олардың арасындағы қатынастар мен байланыстар, объекттер мен класстармен жұмыс істеу ерекшеліктері, Java тілінің негізгі пакеттері сипатталған.

Оқу құралы «Объектке бағытталған бағдарламалау» мен «.Java бағдарламалау тілі» пәндерін оқу кезінде «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының бакалаврларына арналған.