Садыканова Г.Е. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Эпиграф, 2019.-128 б.
Оқу құралында дене жаттығулары мен спорт түрлерінің физиологиялық жіктелуі, спортшы қызметі кезеңдерінің физиологиялық негіздемелері, дене жүктемелерінің әсерінен спортшы ағзасында болатын физиологиялық өзгерістер, сонымен қатар қоршаған ортаның әртүрлі факторларының спортшы ағзасына ықпалы мен осы талаптарға бейімделу ерекшеліктері қарастырылады.
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орындарындағы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне, магистранттарына, спортшылар мен жаттықтырушыларға, оқытушыларға, сонымен қатар, спорт физиологиясының мәселелері қызықтыратын оқушы қауымға арналған.