Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Тақталы кенорыңдарын қазу жүйелері: оқу құралы / И.Д. Арыстан, Т.К. Исабек.- Алматы: Эпиграф, 2019.-164 б.
Бүгінгі уақытта тау-кен саласы үшін мамандарды қазақ тілінде дайындау мәселесіне баса көңіл бөлініп жатыр. Осыған байланысты қазіргі заман талабына сәйкес осы сала бойынша оқулықтар құрастырып, оқушылар мен мамандар сұрамын қанағаттандырудың маңызы өте зор.
Ұсынылып отырған оқулық құралы 2010 жылы бірінші басылымда И.Д. Арыстан, Т.К. Исабектердің авторлығымен «Тақталы кенорындарын қазу жүйелері» деп аталып жарық көрген. «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша оқитын оқушылар үшін қазақ тіліндегі оқулықтардың үлкен сұраныста болғандығынан аталмыш оқулық құралды қайта баспадан шығару қажеттілігі туындап отыр. Бұл оқулық құралы жалпы білім беру стандарттарына, кәсіптік жоғары білім талаптарына сай орындалған. «Пайдалы кенорындарын жерасты қазып өндіру технологиясы» пәніне арналған үлкен курстың бір бөлігі болып саналады. Құралда тақталы кенорындарын қазу жүйелері, сонымен қатар түсініктер мен ұғымдар келтіріліп, олардың мағынасын толық түсіндіру көзделген.
Оқу құралы жерасты кен қазу ғылыми – зерттеу мамандарына және осы саладағы жоғары оқу орындары студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына арналады.