Алимбаева Р.Т., Сланбекова Г.К., Нургалиева С.М. Экзистенциалды психология. – Оқу құралы. Алматы: Эпиграф, 2019. -216 б.
Оқу құралы адам өмірінің ең күрделі, іргелі міндеттеріне бағытталған психологиялық ғылымның жаңа бағыты бойынша экзистенциалды психология бойынша қазақ тіліндегі алғашқы оқу құрал. Онда экзистенциалды психологияның пайда болу негіздері, оның зерттеу пәні сипатталады, адамның өмір сүру мәнімен, болмыстың аяқталуымен, бостандығымен және жауапкершілігімен, дағдарыстық жағдайларды жеңумен байланысты болатын түбірлік, экзистенциалды мәселелерін шешуге деген психологиялық көзқарас дәйекті түрде берілген.
Оқу құралы экзистенциалды психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы бағдарламалары бойынша оқитын бакалавриат және магистратура бағдарламаларының жоғары курс студенттеріне арналған. Сондай-ақ психолог мамандарға да, қазіргі заманғы психологияның барлық жаңа бағыттарына қызығатындарға да пайдалы болады.