Кудайбергенова Карлыгаш Амантаевна. Химия. Тапсырмалар жинағы. 8 сынып. Жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделіп құрастырылған тапсырмалар. – Алматы: ССК, 2020. -108 б.
Оқу құрал жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша құрастырылған. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушыларына арналған бағдарламада қарастырылған барлық оқу мақсаттары қамтылған оқу құралы болып табылады. Алайда тапсырмалар топтамасын орта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының суденттері де пайдалануға болады. Тапсырмалар екі бөлімнен тұрады. А – бөлімінде қысқа жауапты тапсырмалар, яғни біреуі дұрыс төрт жауаптық тесттер, В – бөлімінде оқушыларға ашық сұрақтар қатары берілген. А және В бөлімі деңгейлік көрініс алады. Сонымен қатар оқушылардың графиктер, кестелер және диаграммалар бойынша жұмыс істеу дағдыларының дамуына көңіл бөлінген. Ойлаудың жоғары деңгейі болжау, салыстыру, анализдеу және синтездеу дағдысы да тапсырмаларда көрініс алады. Сандық есептерге арналған оқу мақсаттары да назардан тыс қалып қойған жоқ. Есептер дәстүрлі есептерден өзгеше графиктерді, диаграммаларды, кестелерді пайдалана отырып шығаратын түрлері кездеседі.