Сламбекова Т.С. Педагогика: жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы: 2 – кітап: Тәрбие теориясы. – Алматы: ССК, 2020. – 220 б.
Педагогика ұрпақ тәрбиесін қарастыратын ғылым болғандықтан онда тәрбие, оқыту, білім беру, білім беру жүйесі сынды негізгі категориялардың назар аударылуға тиісті аспектілері қарастырылған.
Оқу құралының екінші «Тәрбие теориясы» атты кітабында тәрбиенің мақсат-міндеттері, түрлері, әдіс-тәсілдері, формалары, технологиялары мазмұндалған. Берілген материалдар білім беру саласындағы мамандарды, білім алушы студенттерді педагогикалық мәселені шешуге бағыттайды, белгілі бір жүйеде жұмыс жасауға көмек береді.
Ұсынылып отырылған еңбек «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге, білім беру саласы қызметкерлеріне және педагогикалық мәселелермен қызыға айналысушыларға арналады.